23
октябрь
2019
Жүректен жүреке Қайрымдылық акциясы
Жыл сайын дәстүрге айналған, жаңа оқу жылының қарсаңында қолға алынған республикалық қайырымдылық акциясы биыл да Бақтыбай Жолбарысұлы жалпы білім беретін мектепте «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтіп жатыр.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас бүлдіршіндер, сондықтан барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым», — деген даналық сөзінде айтылғандай, «Жүректен жүрекке!» қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету.
Әлеуметтік қолдауға зәру балаларға барынша көмек көрсету үшін мектеп директоры Оспанов.Ж.Т, әлеуметтік педагог демеушілер мен мецананттарға үндеу хаттар таратып, акцияға қатысуға шақырды.
Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы демеушілеріміз оқушыларға қажетті мектеп формасын, спорттық киімдер, оқу-құралдары мен сөмкелер тарту етті. Сондай-ақ, осындай қайырымдылық іс-шарасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ордагулова жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға мектеп формасына қаржылай көмек көрсетті.
Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, мейірімділік пен жомарттық танытқан демеушілерімізге мектеп атынан алғысымызды білдіреміз.
Бала – бауыр етіміз, балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған жақсылық деп білейік! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту – барлық адамзаттың борышы. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.