30
январь
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ мәдениет күні өткізілді





Мектебіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілін орыс сыныбы оқушыларына оқытудың тағы бір тәсілі, мәдениет күніне орай - “Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар” атты мектепшілік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың қазақ халқының бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани – материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын, рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейту болып табылады.
Мектебіміздің директоры Ж.Т.Оспанов оқушыларды құттықтап, қазақ тілі - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп жүрулеріне тілек білдірді.