Біз туралы » Страница 18 » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар мен жас мамандар арасында үлкен дебаттық турнир өткізілді
24
декабрь
2021
Оқушылар мен жас мамандар арасында үлкен дебаттық турнир өткізілді
24 желтоқсан күні мектебімізде Жаңа жыл қарсаңында оқушылар мен жас мамандар арасында үлкен дебаттық турнир өткізілді. Турнир алғаш рет өткізіліп отырғанымен қатысушылар тарапынан дебатқа үлкен қызығушылық танытылды, ал турнир мектебіміздің оқушылары да, ұстаздары да дебат қозғалысына белсене қатысатынын көрсетті. Қазақ лигасы арасында жүлделі 1 орынды оқушылар иеленді, құрамы: Дүйсенбекқызы Елігай, Аймырзақызы Жұлдыз, Жайлаухан Нұрдана. Жүлделі 2-орынды жас мамандар командасы: Қайранова Анар,
«Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті
22
декабрь
2021
«Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті
22 желтоқсан күні мектебімізде қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Міне, бүгін біздің 1-сынып оқушылары барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отыр. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргіміз келеді. 1 "б" сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Скакова Алия https://www.instagram.com/tv/CXzurdPJFg8/?utm_source=ig_web_copy_link
"Әліппемен қоштасу" мерекесінде өнер көрсеткен  Мейізбаева Мейіргүл және 1 "б" сынып оқушысы Шәкірт Дарын
22
декабрь
2021
"Әліппемен қоштасу" мерекесінде өнер көрсеткен Мейізбаева Мейіргүл
Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Сынып жетекшіге әрдайым көмек көрсетіп, балалардың сабағына тыңғылықты қарайтын ата-аналар – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті деп білеміз. "Әліппемен қоштасу" мерекесінде өнер көрсеткен анасы мен баласы - Мейізбаева Мейіргүл және 1 "б" сынып оқушысы Шәкірт Дарын
Әліппемен қоштасу
21
декабрь
2021
Әліппемен қоштасу
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1 «А» сынып оқушылары бүгін бір асудан асты, алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасты. Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы. Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулері ата
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді
14
декабрь
2021
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді
Мектебіміздің мектепке дейінгі шағын орталығы ұйымдастырған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Ж.Т.Оспанов мектеп ұжымын мейраммен құттықтады
14
декабрь
2021
Ж.Т.Оспанов мектеп ұжымын мейраммен құттықтады
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан" атты іс шара өткізілді. Шара барысында мектеп директоры Ж.Т.Оспанов мектеп ұжымын мейраммен құттықтап, мектебімізде биік белестерді бағыныдырып, оқушылары жеңімпаз атанған дарынды да, талантты ұстаздарымызды марапаттады. Марапаттау рәсімі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. ​https://www.instagram.com/tv/CXggYxcoUCQ/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
"Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан" атты ұстаздарға іс-шарасы өткізілді
14
декабрь
2021
"Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан" атты ұстаздарға іс-шарасы өткізілді
Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан " атты іс шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарға арнап өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Шабыт шаттығы 2021" байқауында 3 орын иеленген мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Серікқызы Назым да өз өнерін көрсетті. ​https://www.instagram.com/p/CXgizuBLlk_/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
"Тәуелсіз елім-Қазақстаным!" атты ашық тәрбие сағаты
10
декабрь
2021
"Тәуелсіз елім-Қазақстаным!" атты ашық тәрбие сағаты
Мектеп алды даярлық 0 "ә" сынып Тәуелсіз елім-Қазақстаным! атты ашық тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі : Сатекова Гүлнұр Дәлелханқызы ​https://www.instagram.com/tv/CXgNgDcIGXz/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, "20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз" кітап оқу акциясы жалғасуда.
06
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, "20 минут оқы да, 3 минут эссе
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, "20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз" кітап оқу акциясы жалғасуда. Осы жолы 5 "Б" сынып оқушылары / қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дунчебаева М.Қ./ “Даланың дара ұстазы” Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай "Кел, балалар, оқылық" шығармасына эссе жазды. Мақсаты: 1.Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. 2. Кітап оқуға басшылық жасау.
Екпе салу шаралары басталды
26
ноябрь
2021
Екпе салу шаралары басталды
2021 жылы қараша айында балаларға екпе салу шаралары басталды. Ол үшін шетелден коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы сатып алынды. Біздің мектеміздің оқушылары арасында екпе салдырған оқушылар күн санап артып келеді. ​https://www.instagram.com/tv/CZbxYMOpzF7/?utm_source=ig_web_copy_link​​​