Мектеп тарихы » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2017

Мектеп тарихы

      Кешегі өткен Ескелді би, Балпык Әулие, Айту, Пышан, Бағай, Қабанбай, Райымбек, Тілеуғұл т.б. бабаларымыз осы жер жанаты – Жетісу өлкесінде болған батыр, от ауызды, орақ тілді, өз халқы үшін жанын пида еткен жанпаздары бүгінгі ұрпаққа дейін есімдері белгілі.

Иә, "Бабалар ізі – тарихтың көзі” осыдан барып шығады емес пе?

Әруағты, киелі жерімізден өнер сайысына түсіп, қос ішекті домбырасын алып, ел аралаған өнерлі адамдар қаншама. Халғымыздың қашанда өнерді биіктен бағалауы ерекше ғой. Ғасырдың ортасынанXX ғасырдың басында өмір сүрген "Жетісудың жел жетпес жүйрігі” атанған, кезінде Жетісудың жерұйығын аралап, өнер сайыстарына түсіп, домбырасын алып, жыр додасына түскен белгілі айтыс ақындарының бірі – Бақтыбай Жолбарысұлы. Бақтыбайға, айтыс ағындары Мәйке, Сүйінбай, Жамбыл, Арыстан, Ырысалды сияқты жыр дүлділдері  ерекше баға берген. Әсіресе Жетісудың айтыс ақыны Сара:      

                    "Үйсін менен Найманға даңқы кеткен

                     Маржандай көмейінен жыр төгілген

                     Ағысы аспандағы жұлдыздай боп,

                     Дариға – ай, Бағтыбайға кім дер жеткен?”

деп тамаша баға берген. "Жетісудың жел жетпес жүйрігі”, жырайлық өнердің өкілі. Бақтыбай Жолбарысұлы қазiргі Алматы облысы Ескелді ауданы "Өтенайдың сазы” деген ауылымызда іргелес жатған ауылда 1835 жылы дүниеге келген. 17 жасынан бастап көпке танылған, Бақтыбай өлең жырлары от тай жалынды сөздері, өткір сатираға толы. Әйгілі Тезек төремен алғаш алдында айтысқан Бақтыбай , елдің жоғын жоқтап , мұңын айтқан ақын есімі бізге осылай жеткен екен. "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді” деген ұлағатты сөз осыдан барып туары анығ.

Ол жиын, той, ас үстінде ағыл-тегіл жыр несерлеткенімен өлендерінде көрінген көк аттыларды мақтай бермеген. Бай екен деп бас иіп, би-болыстарға құлдыққа ұрмаған. Ойлағаны қалтасының қалындығы, қарнының тоғтығы емес, қалың бұқара халықтың мүддесі болған.

1903 жылы 61 жаста сүзек аурудан қайтыс болды. Енді, міне, кешегі тарихымыздан белгілі айтыс ақыны Бақтыбай Жолбарысұлының есімі бүгінде ел есінде. Жетісудың ағыны І. Жансүгіров айтғанындай "өз елін, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді” демекші бүгінгі таңда ағынның 175 жылдығын атап өтіп, ас беріп, тойланып отыр.

Ақын есімімен ауылдығ округтің аты Бақтыбай есімі берілсе, осы Бақтыбай ауылындағы Н.К. Крупская атындағы орта мектебіне Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі берілуіне ашық салтанатты түрде лездеме болды. Лездемеде ауыл ақсақалдары, аудан әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Қ.А. Әлібаев, ауыл әкімі Ақылбеков Е.Ж., өндірістік бірлестіктің төрағасы С.М. Сариев, мектеп директоры А.А. Жүсіпов, аул имамы т.б. сөз сөйлеп ашып, лента қиылды.

 

 

 

 

МінеБақтыбай есімі мектепке берілді

Әр сыныптарда тәрбие сағаттары жүргізіліп, 

ата-аналар, ұстаздар қатысып, той тойға ұласқандай болды.

 

Стоит в местечке Утенай

Красивый памятник акыну Бактыбаю.

Стоит он, вскинув руки вверх,

Туда, где музыка звучит не умолкая,

Чтоб люди помнили на веки, навсегда,

Чтоб не забыли все заветы Бактыбая.

Кто в Казахстане родился и будет жить,

Пусть в памяти у них звучат айтысы Бактыбая,

Пусть домбра звучит не умолкая,

Зовя нас всех к единству, братству и любви!

Все новое вошло в наш общий дом,

Село и школа именем его зовется,

Как будто с нами он везде, во всем!

И голос Бактыбая в каждом сердце отзовется.

В.А. Фесенко – учитель начальных классов