«Қауіпсіз жол» » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2019

«Қауіпсіз жол»

Тақырыбы: «Қауіпсіз жол»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Жол инспекторына қойылатын сұрақтар:
  1. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кімдер?
  2. Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шарттары.
  3. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қандай шаралар қолданылады?
  4. Жол қозғалысы ережелерін камелетке толмаған жеткіншектер бұзса және қандай жағдайларда заң бойынша оқушылардың ата-анасын жауапкершілікке тарта алады?

  5. Сіз қандай жағдайларда тоқтауыңыз керек?
  6. Жол полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
  7. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың мерзімі бар ма?
  8. Тоқтатқан кезде қанша уақыт ішінде инспекторды күтуге болады?
  9. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
  10. Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Деймон Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал- негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған.

  • Енді сөз кезегін келген қонағымыз

бергім келіп отыр. Келген қонағымыздан биылғы заңдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы естісек дейміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив