Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2021-2022 оқу жылының жарты жылдық есебі » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2021-2022 оқу жылының жарты жылдық есебі
20
январь
2022

Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2021-2022 оқу жылының жарты жылдық есебі

Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы
2021-2022 оқу жылының жарты жылдық
ЕСЕБІ
2021-2022 оқу жылына арналған мектепте психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары құрылған болды.  
Жылдық жоспар бойынша оқушылардың құжаттарымен танысу арқылы мәлімет жинадым. Әр сынып бойынша оқушылар тізімін алып, психологиялық жеке картасы құрылды. 
2021-2022  оқу жылының қыркүйек және желтоқсан айлар арасында жоспарына сәйкес әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Қашықтықтан оқу үдерісінің оффлайн оқу жүйесіне ауысуына байланысты әр сыныпқа жеке-жеке «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» таныстырылды. Бірінші сынып оқушылар арасында олқылықтың алдын алу бойынша сауалнама алынып, қорытындысы жасалды. 5-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың олқылықтардың алдын алу бойынша «Пандемия «COVID-19» кезеңінде Қашықтықтан оқытудағы оқушылырдың тұлғалық дамуының қасиеттері» тақырыбында сауалнама алынып, ұсыныстар жасалынды. Мектепке дайын емес оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілуде. Жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Жоспарға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары 5-11 сынып оқушыларымен түрлі тақырыпта кездесулер өткізді. 
Оқушылар арасында     С. Панченконың «Ормандағы мектеп», темперамент, З. Филипстың мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау, Жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық бойынша, Оқушы үні, Йирасек-Керн тесті, Жас мамандардың мектепке бейімделуі, Мен салауатты өмір салтын қолдаймын  т.б. аталған тақырыптар бойынша анонимді сауалнамалар, тесттер, әр түрлі сауалнамалар алынып, қорытындысы талданды және талдау нәтижесі бойынша жұмыстар жасалды. 
Буллинг, бопсалау, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», зиянды әдеттер, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары, мектептегі татуласу қызметі, «Жолдағы қауіпсіздік-өмір қауіпсіздігі», мектептің ішкі тәртібін бұзған оқушылардың ата-аналарымен кездесулер мен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мектеп инспекторы И.С.Омарбаевпен бірлесіп мектептің 5-11 сыныптарда оқитын  ұлдарымен және қыздарымен әр түрлі тақырыптарда кездесулер өткізілді.   Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге   қандай шара қолданылатыны  туралы заңнамаларға сүйене отырып  дәлелдемелер келтіріп, түсініктеме берілді.  
Ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық мәдениеті», «Жағымсыз ойды, жағымды ойға айналдыр», «Мұғалім мәртебесі» және т.б. тақырыптарда онлайн жиналыстар өткізілді. Ата-ана чаттарына және желі парақшаларға жаднамалар жіберілді. Жиналыс барысында отбасы құндылықтары туралы, ата-ананың бала алдындағы борышы, отбасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы туралы «Бала – ата-ананың айнасы» атты бейнероликтер көрсетілді.  
«Күлкіні қорғайық!», «Жағымды көңіл - күй», «Ашығын айтар болсам...», «Біз бір командамыз» «Дағдарысты жеңу жолдары», «Әркім жеңе алады», «Менің отбасым және достарым», «Өмір және оның мәні» т.б тренингтер арқылы оқушылардың психологиялық жағдайлары анықталып, жағымды көңіл-күй орнатылды. 
Зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында қыздар мен ұлдар  арасында сұхбаттасу, анонимді сауалнама алу өткізілді. Ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, отбасындағы зорлық тақырыптарында бейнероликтер көрсітілді және мектеп медбикелері тарапынан қыз баланың гигиенасы туралы мағлұмат берілді. 
І-II тоқсан бойы «Мектептің татуластыру қызметі» 7 медиация шарасын өткіздік. Олар оқушылар арасындағы кикілжіңдерді шешу тақырыбында өтті. Медиация комиссиясының отырыстары нәтижелі болып, ата-аналар мен оқушылар өзара келісімге келді.
І-II тоқсан бойы мектепте консилиум бойынша 1, 5 сынып оқушыларының бейімделу диагностикасының қорытындысы бойынша, олқылықтардың алдын алу іс-шаралары 10 ә, 9 б, 8 ә, 2 в сынып оқушыларымен өткізілді. Мектептегі педагогикалық консилиум бойынша 3 оқушы инклюзив тізімінен шығарылды.
«Өзіндік агрессия» шкаласы бойынша Агрессияны бақылауға арналған Басса Даркидің сауалнамасын мектеп ішілік есепте тұрған оқушыларға әр түрлі   деңгейлері бойынша анықталып, сынып жетекшілеріне сауалнама нәтижесі айтылды. Жеке жұмыстар және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Ұлдар арасында суицидтің алдын алу негізінде күзгі демалыста шахмат турнирі өткізілді. 8-10 сынып оқушылары арасында «Отбасы құндылығы» тақырыбында бренг-ринг өткізілді.
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша оқушылар 7-11  сынып оқушылар арасында «Ресурс» бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізілді.
Деструктивтік сайттар алдын алу бойынша «ВК.ком», «Инстаграмм», басқа да сайттар бойынша оқушылар әр айдын (8, 18, 28 күндер аралығында) қадағаланып отырады. Енді «ТИК-ТОК» танысу сайттарын назарымызға алдық. Басқа да платформаларда теріс конттентінің таралуы жайлы қадағалауға алынып тексеріліп отырады.
Мектептің сынып жетекшілер, ата-аналар және оқушылардың «Ватцап» арқылы жадынамалар, бейнероликтар таратылып отырады. Мектеп «Инстаграмм» желісіне оқушыларға және ата-аналарға арнап жадынамалар таратылды. 
Педагог психолог:          Нуриманова С.Ж.
                                                  Бейсетов А.А.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив