«Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» атты ата-аналар жиналысы өткізілді » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» атты ата-аналар жиналысы өткізілді
20
октябрь
2020

«Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» атты ата-аналар жиналысы өткізілді

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 20 қазан күні сағат 11-00де ZOOM платформасы арқылы Ескелді АПБ-ның ЖПҚ ЮП полиция капитаны Жумадилов Сәкен Мұхамедрахимұлының қатысуымен «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» атты  ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 120 ата-ана және сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі түгел қатысты. Жиналыс барысында мектеп директоры Ж.Т.Оспанов «Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың сабаққа қатысуы және білім алу платформалары» туралы айтып өтті. Ескелді АПБ-ның ЖПҚ ЮП полиция капитаны Жумадилов Сәкен Мұхамедрахимұлы ата-аналарға кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың кешкі уақытта жүрмеуі және жүрген жағдайда ата-аналарға салынатын әкімшілік айыппұл туралы түсіндірді.

Жумадилов Сәкен Мұхамедрахимұлы ата-аналараға ерекше айта кеткені:
 «Компьютер клубы, автожуу, ойын сауық орталықтары... Бұлар кәмелет жасына толмаған балалардың үйір болатын орындары. Осыны ескеріп тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын ювеналды полиция қызметкері арнайы рейд өткізуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірімдер қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады».
           Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курманова Р.И.: «Мектеп әкімшілігі бастауымен арнайы құрылған кезекші топтармен Бақтыбай ауылы аумағында түнгі рейд өткізудеміз. Яғни, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 20:00-ден бастап ата-анасының және заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүрген балаларға ескерту жасаудамыз»- деп           ата-аналарға түсіндірді.
           Бұл тексерістердің барлығы балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан, жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді түрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын естен шығармаған жөн.


https://www.instagram.com/p/CGjgGF6HBXQ/?utm_source=ig_web_copy_link

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив