Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек
08
апрель
2022

Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек

Әрбір ата-ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез-құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата-анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады.
Әрбір ата-ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері, баламен қарым-қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерді, жасауы оңай, бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелермен танысу. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт. Оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесінің нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт.
Жасөспірімдік кезең 10-14 жас аралығында басталады. Осы жас аралығында бала мен оның ата-анасының өміріндегі ең күрделі де жауапты кезең болып табылады. Себебі осы жас арлығында бала ағзасында гормондық және физиологиялық өзгерістер байқалады. Баланың бойында, салмағында, бұлшық еттерінде, ішкі органдарында, сыртқы келбеті, дене мүсінінің үйлесімсіздігі, қалыптаспаған жүру мәнері орашолақ болып көрінуі, терідегі майлылық мөлшерінің көбеюі, гормондардың әсерінен жүрек-қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады. Қан қысымы мен күре тамыр қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді. Осыған байланысты, жасөспірімдерде жүрек тұсында болатын жағымсыз сезімдер жиі байқалады – ауыру, шаншу, жүрек соғысының қатты жиілеуі сияқты өзгерістер болады. Әр бір ата-ана баланың бойындағы өзгерістерге аса зер салып, бала бойында туындап жатқан мәселелерге сабырлықпен және төзімділік танытып, көмек беруге дайын болу керек. Мұндай өзгерістерге ата-аналар тарапынан баланың дұрыс тамақтануын, күн тәртібін сақтауын (ұйқы тәулігіне 10 сағаттан кем емес); таза ауада көбірек серуендеу, дене жаттығуларын жасауын немесе спортпен шұғылдануын қадағалау керек.
Сонымен қатар гормондық және физиологиялық өзгерістердің салдарынан баланың мінез-құлқы да өзгереді. Оның белгілері- қызбалық пен ашушаңдық, мазасыздық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тілазарлық, дөрекілік, жанжалшылдық, ересектерге себепсіз қарсы шығу, өз құқығын қорғай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата-аналардың бақылауынан тыс ұстауы және олармен жиі жанжалдасуы, эмоционалдық тұрақсыздық көңіл-күйдің күрт ауытқуына әкеліп соғуы немесе қарама- қайшы реакциялар көрсетуі мүмкін.
Отбасы, туған үй жасөспірім үшін өзін қауіпсіздікте және қорғанышта, сүйіспеншілікте сезінетін орын болуы тиіс. Ал ата-аналар кез келген сәтсіздікте оны түсінуге және қабылдауға шыдамы мен ақылы жеткілікті адамдар болуы қажет. Баламен жақсы байланыс – кез келген жастағы басты тәрбие құралы.
Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Баланың өз еркі болмаса күштеп сөйлесуге мәжбүрлемеңіз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз. Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бір жағдаймен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз. Балаға дауыс көтермей байсалды сөйлесіңіз, төзім мен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз. Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды. Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с. әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз. Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек. Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сенің қолыңнан түк келмейді» т.с.с.) деуге болмайды. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.
Ержеткен балаңыздың қызығушылықтары мен дәм құмарлықтарын қабылдау – ата-ана үшін жалғыз дұрыс шешім. Балаңыздың ұнататын нәрселеріне қызығушылық танытыңыз – оның сүйікті компьютер ойындарын, фильмдерін, музыкалық топтарын біліп жүріңіз. Міндетті түрде сізге ұнайтындарын айтып отырыңыз: бұл балаңызға ұнайды, оны таңқалдыратын болады, қуанып қалады. Баланың белгілі бір еркіндікке деген құқығын аяқасты етпеңіз: есік қақпай бөлмеге кірмеңіз, рұқсатсыз заттарын қозғамаңыз, оның аймағында өз тәртібіңізді орнатпаңыз. Оның таңдау құқығын әрқашан жадыңыздан шығармаңыз, әрбір бала қадірлеуді қажет етеді – оның таланттарын бағалайтындығын, оның қабілеттері мен шеберліктерін мақтан тұтатындығын білгісі, көргісі және сезінгісі келеді. Мақтау сөзге сараң болмаңыз. Өз балаңызды мадақтап, шабыттандырып отырыңыз! Сіз балаңызды қаншалықты дәрежеде мақтасаңыз, оның өзіне деген сенімі соншалықты артады және ол сізбен өз істерімен қуана бөлісетін болады. Балаңызды көтермелейтін мейірімді сөздермен «Қандай ақылдысың өзің!», «Мен саған сенемін!», сондай-ақ еркелетіп құшақтау, жақын тарту арқылы қолдап отырыңыз. Өз мақтауларыңызда балаңызды оның жетістіктері үшін емес, балаңыз болғаны үшін жақсы көретіндігіңізді көрсете біліңіз. Өз балаңызды ешқашан айналадағылармен салыстырмауға тырысыңыз, сонымен қатар өз балаңызды өзгелерден төмендетіп салыстыруға мүлде жол бермеңіз. Егер баланы отбасында қадірлемесе, ол ниеттестерін сырттан іздейтін болады және жаман ортаға тап болуы ғажап емес.
Отбасында әр түрлі жастағы балаларыңызбен әңгімелескен кезде олардың айырмашылықтарын айтпаңыз. Басқа балаңыз жасаса кешіре алмайтын қылықтарды жасаған өзге балаңызды бетімен жібермеңіз.
Есіңізде болсын: өзінің есейгендігін білдіру үшін қызбалықпен мүлде ойламайтын нәрсесін – сізді жақсы көрмейтінін, жек көретінін және т.с.с айта салуы мүмкін. Бұның эмоциялардың әсерімен, қызбалықпен айтылғандығын ескеріңіз. Бұдан асығыс қорытынды шығармаңыз және байбалам салып дүрлікпеңіз. Байбалам салып қызбалыққа берілу мәселені ушықтыратынын айдан анық. Жасаған қате өмірлік сабақ. Егер ата-ана баланың қылығын бұрыс деп шешіп жазалауы лайықты деп шеше жазалау да қажет. Бұл шаралар балаға қателерін көрсетеді және өмір сүруге үйретеді. Барлық ата-аналардың ықпал ету әдістері әр түрлі. Ұрып-соғу арқылы жазалауға жол беруге болмайтындығы түсінікті. Бірақ жақсы ата-ана нақты осы балаға ненің ерекше тиімді әсер ететіндігін анық біледі. Алайда, қандай жағдай болса да жазалау шарасы есте қалуы керек. Алғашында бала ата-анасымен келіспеуі де мүмкін, бірақ есейгесін, бала оларды міндетті түрде түсінетін болады.
Біртіндеп баланы өзінің қиындықтарын өзі жеңуіне дағдыландырыңыз. Өзі мақсаттар қойсын және оған жету жолдарын өзі айқындасын. Балаңызға өз жолын өзі салуды үйретіңіз – оған мамандықтар әлемінде бағдар алуға көмектесіңіз. Болашақта немен айналысуды шешу – бұл жасөспірімдер үшін ең қиын іс. Барлық мүмкіндіктерді көрсетуге тырысыңыз – оған әр түрлі мамандықтар туралы айтыңыз, өз достарыңыздан олардың қызмет салалары туралы ақпаратпен бөлісуін сұраңыз. Жасөспірімнен оның нені қалайтындығын айқын білуін талап етпеңіз. Бала тек онда таңдау болған жағдайда ғана шешім қабылдай алады.
Кішкентай келіспеушіліктердің отбасындағы үлкен жанжалға ұласатын күнделікті тұрмыстағы жағдайлар ата-аналарда шыдамдылықтың, төзімділіктің, қамқорлықтың және әдептіліктің жетіспеушілігінен болады. Туындаған қиындықтарға мойымаңыз. Үмітіңізді үзбеңіз, балаңызға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты жоғалтпаңыз. Себебі бала сіздердің өмірлеріңіздің мәні. Ал бала үшін ата-ана өмірінің сусыны. Өз балаларыңыздың жасөспірім шақты еш кедергісіз өтуі құрметті ата-аналар сіздердің қолдарыңызда.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив