23
январь
2025
Мектеп инспекторымен кездесу өткізілді


Мектебіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қаңтар айы - "Заң және тәртіп" айы барысында мектеп инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ескелді АПБ-нің ЖПҚ-нің кәмелетке толмағандардың учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ернұр Бауыржанұлы оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нашақорлыққа қарсы, есірткіге жол бермеу, ұрлыққа түспеу, сабаққа кешікпеу, сабақты себепсіз қалдырмау туралы айтып, құқық бұзған жағдайда қандай баптармен қарастырылатынын түсіндіріп берді.