Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 3 » Ескелді ауданы
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа имени Бактыбая Жолбарысулы с дошкольным мини-центром
Государственного учреждения
"Отдела образования по Ескелдинскому району"
Управления образования Алматиской области
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
Заң мен тәртіп құндылықтары
15
январь
2025
Заң мен тәртіп құндылықтары
Мектебіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында құқық және тәртіп фракциясының мүшелерімен бірлесіп, 7 "ә" сынып оқушыларымен "Заң және тәртіп құндылықтары" атты ашық тәрбие сағатын тарих пәнінің мұғалімі Н.Серікқызы өткізді.  Сабақ барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі жағдаяттардың оң шешімін таба білді. #біртұтас_тәрбие  #zhetisu_bilim  #eskeldi_bilim
Жақсылыққа толы игі істер
09
январь
2025
Жақсылыққа толы игі істер
Мектебіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес "ҚАМҚОР" жобасы аясында қамқорлық-қайырымдылық фракциясымен бірлесіп, ауылымыздың жалғызбасты тұрғыны Вахрышева Мария апайдың үйінің ауласын қардан тазалап, көмек көрсетілді. Қолғабыс көрсеткен оқушыларға Мария апай алғысын айтып, тәттілерін таратты 
Мен оқыған Парасаттылық туралы бір кітап
08
январь
2025
Мен оқыған Парасаттылық туралы бір кітап
«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Мен оқыған Парасаттылық туралы бір кітап » тақырыбында оқушылармен  өткізілген әңгіме. Мақсаты: Мақсаты – жастарды адалдыққа, адамгершілікке, рухани қазынамыз көркем әдебиетті қадірлеуге, кітапты сүйе білуге, күтіп ұстауға шақыру. Сонымен қатар кітап арқылы ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты ұрпақты тәрбиелеу.
Ұлттық ойын  - ұлт қазынасы
06
январь
2025
Ұлттық ойын - ұлт қазынасы
Мектебіміздің бекітілген қысқы демалыс кезінде іс-шаралар жоспарына сәйкес "Асық ату" үйірмесінің жетекшісі Р.О.Мастекбаев оқушылармен "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты іс-шарасын өткізді. #біртұтас_тәрбие  #zhetisu_bilim  #eskeldi_bilim
Ұлттық ойын - ұлт қазынасы
06
январь
2025
Ұлттық ойын - ұлт қазынасы
Мектебіміздің бекітілген қысқы демалыс күндері іс-шаралар жоспарына сәйкес "Тоғызқұмалақ" үйірмесінің жетекшісі Қ.Т.Құдайберген оқушыларымен "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты іс-шарасын өткізді. #біртұтас_тәрбие  #zhetisu_bilim  #eskeldi_bilim
Үнемі оқитын адам - табысты адам
05
январь
2025
Үнемі оқитын адам - табысты адам
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам, табысты адам» Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан дүниесін кеңейту  ХХI ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында.
Ертегілер еліне саяхат
30
декабрь
2024
Ертегілер еліне саяхат
Мектебіміздің бекітілген қысқы демалыс іс-шаралар жоспарына сәйкес театр жобасымен "ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ" атты іс-шара өткізілді.  Аталған іс-шара 3 "а" және 3 "б" сынып оқушыларымен өткізілді.  #біртұтас_тәрбие  #zhetisu_bilim  #eskeldi_bilim
"Қамқор" жобасы
27
декабрь
2024
"Қамқор" жобасы
"Қамқор" жобасы аясында мектебіміздің 8 "в" сынып оқушыларымен жоба жетекшісі А.Т.Данышпанова Талдықорған қаласында орналасқан "Айналайын" балалар үйіне Жаңа Жылдық құттықтаумен барып қайтты. Түрлі жеміс-жидектер апарып, сол жердегі балалармен түрлі ойындар ойнап, Жаңа жылдарымен құттықтады. #біртұтас_тәрбие  #zhetisu_bilim  #eskeldi_bilim
Жаңа Жылдық БАЛМАСКАРАД.
25
декабрь
2024
Жаңа Жылдық БАЛМАСКАРАД.
8-11 сынып оқушыларына арналған мерекелік Жаңа Жылдық БАЛМАСКАРАД.
Қош келдің Жаңа 2025 жыл
24
декабрь
2024
Қош келдің Жаңа 2025 жыл
Мектебіміздің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушыларымен "Қош келдің Жаңа 2025 жыл!" атты мерекелік құттықтау іс-шарасы өткізілді. Оқушылар түрлі ойындар ойнап, әр сынып өз өнерлерін көрсетті.