30
октябрь
2024
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу бойынша баскетболдан «Алтын доп» жарысы өткізілді
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу бойынша баскетболдан «Алтын доп» жарысы өткізілді.
Бүгінгі “Нашақорлыққа жол жоқ!” ұранымен өткізілетін “Алтын доп” жарысының мақсаты:
1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, баскетбол спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
2. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.