"Қ.О.Бітібаеваның технологиясы және педагогикалық тағылымы" атты семинар желілік қауымдастық жұмысы » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қ.О.Бітібаеваның технологиясы және педагогикалық тағылымы" атты семинар желілік қауымдастық жұмысы
24
февраль
2022

"Қ.О.Бітібаеваның технологиясы және педагогикалық тағылымы" атты семинар желілік қауымдастық жұмысы


«Алматы облысы білім басқармасының   Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
 ММ «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі    мектепке дейінгі шағын орталығымен»   КММ

Желілік қауымдастық бойынша семинар

Семинар тақырыбы: «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» 

Мақсаты:  Қ.Р. Еңбек сіңірген мұғалімі Қ.О. Бітібаеваның   «Ой тастау,ойланту» технологиясын педагогтің тәжірибесіне енгізу,  кәсіби құзыреттілігін арттыру, іс тәжірибесін жетілдіру. Мектеп әдіскері Толымбекова Венера Бердыевна «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасы және атқарылып жатқан іс шаралар туралы таныстырып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Қ.О. Бітібаеваның "Ой тастау, ойланту" технологиясымен сабақтар өткізіп, өз іс тәжірибелерімен бөлісті.


Сағымбаева К.К.   9-сынып  "Қазақ әдебиеті" пәні

Ғ. Мүсірепов  "Ұлпан" романының  идеясына сай кейіпкерлер  бейнесі

Сабақтың мақсаты:  Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.. 

«Миға шабуыл»  тест сұрақтарына жауап берілді. Өткен  тақырыпты пысықтауға арналған тест.  https://wordwall.net/ru/resource/29301591 https://wordwall.net/ru/resource/29303302Т

Талдаңыз. «Кездейсоқ айналым»  ойыны

1. «Ұлпан»   романының жазылу тарихы Шығарманың тақырыбы мен басты идеясы 

2. Кейіпкердің іс-әрекеті. Микро-мінездеме. Шығармадан үзінді келтіру.

Салыстырыңыз. Эпизодтағы бейнелерді салыстыру, бағалау. ХХ ғасырда  жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз.  М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін салыстыру. 

Бағалаңыз.   «Ұлпан бейнесінің өміршеңдігін қалай бағалар   едіңіз?» Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.

Рефлексия   «Мен үшін қиын болды»  «Мен үшін қызық болды» «Мен үшін құнды болды»





Кенжебекова Ж.Н. 8-сынып  "Қазақ тілі" пәні

Сабақтың тақырыбы:  Жасөспірімдік кезең және бала құқығы

Сабақтың мақсаты:  тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен  құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;

Жетелеуші сұрақтар:Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап неге құқылы?

Постермен жұмыс    Тілдік бағдардағы жай сөйлемдердің жасалу жолдарын постерге түсіру     

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бекіту сұрақтары: 

Шығармашылық жұмыс: Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзін тыңдап, астарлы ойды анықтау. Қара сөз мазмұны бойынша бала жасөспірім кезеңінде не істеуге міндетті екенін айқындап, «Мен түрткен бір ой» тақырыбында өз ойын жазу.  Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен  құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем). Суреттерде берілген заңдардың қазақ қоғамындағы маңызы туралы ой бөліседі.

Бекіту сұрақтары

Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс алу



Ченемесова Ұ.Т.  6-сынып "Қазақ әдебиеті"  пәні 

О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың мақсаты:   әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді. 

1.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» Тест сұрақтары        https://wordwall.net/ru/resource/29275904

2.Талдаңыз. «Кейіпкер сұлбасы» әдісі Шығармадан  эпизод беріледі, сол эпизодтан көркемдегіш құралдарды табамыз.  Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

1. Мақал – мәтел, тұрақты сөз тіркестері.....2.Теңеулер    3. Эпитет

3.Салыстырыңыз.  «Тортай мінер ақ боз аттағы»  Тортай мен Ораш салыстырады.

Қос диаграмма.  Ораш пен Тортайды салыстырып, оларға тән ерекшеліктерін анықтайды.  Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

4.Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларға  сұрақ қойдырту. Неліктен?

Қалай ойлайсыз? 

Не себепті?                                                                                                                                                        Бағалаңыз: Бағалау парақшасы 

Рефлексия     «Еркін микрофон»







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив