Педагогикалық кеңестің №3 хаттамасы » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2021

Педагогикалық кеңестің №3 хаттамасы

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021-2022 оқу жылы



хаттама №3

Өткізілген күні: 04.11.2021ж.

Қатысқандар: 

Төрағасы: Ж.Т. Оспанов

Хатшы: Кенжебекова Ж.Н.

            Күн тәртібінде:

  1. 2021 жылдың тамыз айының 27 күні өткізілген хаттаманың шешімінің орындалуы.

А.Н. Сейтниязова


  1. І тоқсан қорытынды есебі бойынша оқу сапасы төмен сыныптарды бақылауға алу.

 А.Н. Сейтниязова


  1. Авторлық бағдарлама жасаудың жалпы ережелері туралы.

В.Б. Толымбекова


  1. «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасының жоспарымен таныстыру.

В.Б. Толымбекова


  1. 11 сынып оқушыларының  ҰБТ-ға дайындық жұмысын жүргізілуін бақылау.

Сынып жетекшілер


  1. Инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуын бақылау.

Э. Нурбекова


  1. «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар.

Б.Ж. Ибрашева

  1. Әр түрлі сұрақтар.


Тыңдалды:

  1. 2021 жылдың тамыз айының 27 күні өткізілген хаттаманың шешімінің орындалуы.

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Сейтниязова 2021 жылдың тамыз айының 27 күні өткізілген №1 хаттаманың шешімінің орындалуы туралы сөз қозғады. 

«2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспары Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»   дәстүрлі әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынып бекітілді, ӘНХ әр әдістемелік  бірлестікте талқыланды және жүзеге асырылуда.

-мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылды;                                                                                     

- 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндері енгізілді;  

- сабақ ұзақтығы – 45 минут,                                                                                                     

- 5 -11 сыныптарға «Жаһандық  құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізілді;                                                                                                                                       

- Оқытудың әр түрлі форматы  қамтамасыз етілді;

-ерекше білім берудегі қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламалары бейімделді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілуде; 

-Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыруда;

- «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін – өзі басқару күні», «Мектеп   театры» жобасы іске асырылуда.                                                                                                                                              Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында әр пән мұғалімдері жоспар құрып, жоспар бойынша іс-шаралар әр түрлі форматта жүзеге асырылуда.

Қыркүйек айының 1-2 аптасы аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында директорлық қима жұмыс тест жүзінде 2-11 сыныптар арасында негізгі пәндерден алынды. Қима жұмысының қорытындысы бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру керек екені анықталынды.                                                                        Төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар:

Математика пәні бойынша:

5в -15%, 7в-15 %,  9 б- 18%, 11 а -20%

8 ә-27%, 8 б,  9 а - 31%, 6 ә- 37%, 9 ә- 38%,  11 ә- 40%,

 7ә -42%, 9 в-42%.

Ағылшын пәнінен:

3а, 3ә, 3 б, 3 в  -37% -40% 

4а,4ә,4б,4в -42-44%

6 ә – 49%, 11б - 42%

Физика : 9 б -34%, 8ә-41%,  8 б-40%

Қазақ тілі: 9б -37,5%, 5 б-43%, 5 в-46%

Естествознание: 6ә -48%, 7а-7в -47%

География : 9б -43%

Химия:  9ә -38%,  9б-34%, 9а-41%, 8б-8в-47%.

Бастауыш сыныптарда орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілдерінен төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптар: 

2 сыныптар –орыс тілінен -35%

3 сыныптар- қазақ тілі -36%, ағылшын тілі -38,3%, 3в, 3 г- орыс тілі -31,6%

4 сыныптар –орыс тілі -4 в-33% 

Оқу сауаттылық пен бақылау жұмысынан төмен көрсеткіш көрсеткен 2в-сыныпты мектепішілік бақылауға алуға ұсыныс жасаймын.

 Бастауыш сыныптарда күзгі каникул кезінде қосымша сабақтар өткізілуде. 


            Шешімі:


  1. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында әр пән мұғалімдері құрылған жоспар бойынша іс-шараларын әріқарай жоспар бойынша әр түрлі форматта іске асырсын.
  2. ІІ тоқсанның 1-2 аптасы аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында директорлық қима жұмыс тест жүзінде 2-11 сыныптар арасында негізгі пәндерден алынсын.
  3. Қима жұмысынан төмен көрсеткіш көрсеткен 2в-сынып мектепішілік бақылауға алынсын.



Тыңдалды:


2. І тоқсан қорытынды есебі бойынша оқу сапасы төмен сыныптарды бақылауға алу.

 А.Н. Сейтниязова

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Сейтниязова І тоқсанның қорытынды есебімен таныстырды.

І тоқсанды 903 оқушымен аяқтадық, мектепалды даярлық тобында 88   бала. І тоқсан бойынша 16 оқушы келді, 16 оқушы кетті. 166 үздік, 290 оқу екпінділері.Білім сапасы – 56,2 пайыз. 

Математика пәні бойынша ең төмен көрсеткішке ие болған   9б - 25%, 8 ә-35%  мектепішілік бақылауға алынсын деген ұсыныс.

Биылғы 2021-2022 оқу жылының сыныптардың  төмен көрсеткіштері:

Сыныптар

0 срез %

Аралық срез %

Пән мұғалімдері

15

37

Куджакова Г.Д.

37

45

Конратбаева А.С.

15

50

Агалиева Ж.Б.

15

36

Токарева В.В.

27

35

Чанчарова К.Ж.

31

40

Чанчарова К.Ж

31

45

Чанчарова К.Ж

38

44

Куджакова Г.Д.

18

25

Чанчарова К.Ж

42

47

Токарева В.В.

11А

20

50

Агалиева Ж.Б.

Куджакова Г.Д.











Шешімі:


2.1. І тоқсанның қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылсын.


2.2. . І тоқсанның қорытынды есебі бойынша білім сапасы төмен 9 «Б», 8 «Ә»-сыныптары мектепіішілік бақылауға алынсын.


2.3. Аталған 9 «Б», 8 «Ә»-сыныптардағы негізгі пәндер бойынша білім сапасын көтеру мақсатында 2-тоқсан барысында қосымша сабақтар өткізілсін.


2.4. Пән мұғалімдері оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекеттерін мақсатқа жеткізетіндей әдіс тәсілдерді өз сабақтарында барынша қолдансын.


Тыңдалды:


3. Авторлық бағдарлама жасаудың жалпы ережелері туралы.


Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Б. Толымбекова авторлық бағдарлама жасаудың жалпы ережелері туралы мағлұмат берді. 

Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет енгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.

Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:

  • өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;
  • комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;
  • толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;
  • жаңашыл – парадигмалық негізі, ойы, ұсынылған оқыту технологиясының жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарлама.

Авторлық бағдарламаны табысты жүзеге асыру технологиялық қамтамасыз етуді талап етеді, яғни болашақ педагогикалық іс-әрекет жобасының (оқу сабақтары жүйесін тақырыптық жоспарлау), әдістемелік түсініктемесімен қоса тірек сабақтары сценарийлерінің, білім беру стандарттарына бағдарланған тексеру тапсырмалары мен диагностикалық материалдар кешенінің болуы.

Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс-әрекеттерді қамтиды:

  • Рецензия алу. ішкі, сыртқы рецензия. Ішкі рецензия — әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми-әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
  • Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.
  • Рецензия беру апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.




Шешімі:


3.1. Авторлық бағдарлама жасаудың жалпы ережелерін басшылыққа алынсын.


3.2. Авторлық бағдарлама жазған пән мұғалімдерінің жұмыстары мектепішілік апробациядан өткізілсін. 


Тыңдалды: 


4. «Қ.О. Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасының жоспарымен таныстыру.


Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Б. Толымбекова «Қ.О. Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасының жоспарымен таныстырды.

Іс-шаралар

Жұмыс түрі

Мерзімі 

Нысаны 

Жауапты адам 

«Қ. Бітібаеваның  инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»     облыстық  жобаны мектеп тәжірибесіне енгізуге бірлестік және     педагогтерді  анықтау,  жұмыс жоспарын құру.

Жоспар құру

Қазан 

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 

Толымбекова В.Б.

Сағымбаева К.К.


Қ. Бітібаеваның  өмірі мен педагогикалық тағлымын меңгеруге арналған вебинар өткізу; 

Мектеп жобасымен таныстыру

Ғылыми-әдістемелік мұрасы жайлы теориялық білімді     қалыптастыру;

«Ой тастау, ойланту» технологиясының  негізгі ұстанымдарын меңгерту

ӘБ отырысы 

Қазан

ӘБ жетекшілері,

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ

Сағымбаева К.К.

Толымбекова В.Б.

Мектепте нысанға алынған сыныптардың білім сапасын талдау, мониторинг жасау.

Мониторинг 

Қараша

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»

Қазақ тілі пәні мұғалімдері 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 

Қ. Бітібаеваның  «Ой тастау, ойланту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Сабақ үрдісінде

Қараша-желтоқсан

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»

Сағымбаева К.К.

Сағымбаева К.К.

Мурзабаева Р.Т.

Икласпаева А.А.

Кенжебекова .Н.

Ченемесова Ұ.Т.

Қайранова А.Т.


  «LS»     сабақты зерттеу

Қ. Бітібаеваның  «Ой тастау, ойланту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігі

Сабақ үрдісінде

Қараша-желтоқсан

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»

Икласпаева А.А.

Пән мұғалімдері

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына қатысу, әдістемелік көмек беру 

Сабақ үрдісінде

Желтоқсан

Р.Мурзабаев

А.Икласпаев

Ж.Кенжебек 

Ұ.Ченемесов

А.Қайранова 

Сағымбаева К.К.


Желілік қауымдасдықпен жұмыс

Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның  «Ой тастау, ойланту» технологиясын   педагогтердің  тәжірибесіне енгізу, кәсіби құзіреттілігін арттыру, іс тәжірибесін жетілдіру

Вебинар

Қаңтар 


Толымбекова В.Б.-мектеп директорының  әдістеме жұмысының орынбасары,

Сағымбаева К.К.-қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі, ӘБ жетекшісі;

Ченемесова Ұ.Т.

Икласпаева А.А. - қазақ тілі пәні мұғалімдері

Мектепте нысанға алынған сыныптардың білім сапасын талдау, мониторинг жасау.

Мониторинг 

Қаңтар 

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»


Сағымбаева К.К.

Сағымбаева К.К.

Мурзабаева Р.Т.

Икласпаева А.А.

Кенжебекова Ж.Н.

Ченемесова Ұ.Т.

Қайранова А.Т.


Қ. Бітібаеваның     «Ой тастау, ойланту» технологиясының      әдіс-тәсілдерімен ашық сабақтар ұйымдастыру.

 «Тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушыларды сауаттылыққа     баулу жолдары»


Ашық сабақ


Ақпан 

Пән мұғалімдері

Толымбекова В.Б.-мектеп директорының  әдістеме жұмысының орынбасары,

Сағымбаева К.К.-қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі, ӘБ жетекшісі

Қ. Бітібаеваның     «Ой тастау, ойланту» технологиясының негізінде оқушыларды  ғылыми-іздендіру жұмыстарына баулу мәселелері


Семинар 

Наурыз 

Пән мұғалімдері

Толымбекова В.Б.-мектеп директорының  әдістеме жұмысының орынбасары, 

Сағымбаева К.К.-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ӘБ жетекшісі 

«LS»  сабақты зерттеу 

Білімді оқушылық деңгейден өнімді, шығармашылық деңгейге дейін көтеру мәселелері

Тәжірибе алмасу

Қаңтар -наурыз

Пән мұғалімдері

Толымбекова В.Б.-мектеп директорының  әдістеме жұмысының орынбасары,

Сағымбаева К.К.-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Икласпаева А.А.

Пән мұғалімдері 

Қ. Бітібаеваның     «Ой тастау, ойланту» технологиясы     негізінде жазылым дағдыларын қалыптастыру  

Семинар 

Сәуір 

Пән мұғалімдері

Толымбекова В.Б.-мектеп директорының  әдістеме жұмысының орынбасары; 

Сағымбаева К.К.-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ӘБ жетекшісі 

  «LS»     сабақты зерттеу

Қ. Бітібаеваның  «Ой тастау, ойланту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін зерттеу

Сабақ үрдісі

Сәуір-мамыр

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»

Икласпаева А.А.

Пән мұғалімдері

Мектепте нысанға алынған сыныптардың білім сапасын талдау, мониторинг жасау.

Мониторинг 

Мамыр 

9 «Ә»

9 «А»

10 «А»

5 «Ә»

8 «А»

6 «Ә»

7 «А»

Сағымбаева К.К.

Сағымбаева К.К.

Мурзабаева Р.Т.

Икласпаева А.А.

Кенжебекова Ж.Н.

Ченемесова Ұ.Т.

Қайранова А.Т.


                Шешімі:

            4.1. «Қ. Бітібаеваның  инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»  облыстық  жобасы мектеп тәжірибесіне енгізілсін.

            4.2. «Қ. Бітібаеваның   инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»  облыстық   жобаны мектеп тәжірибесіне енгізуге   2021-2022 оқу жылына  арналған жұмыс жоспары бойынша жоспарланған іс-шаралар өз уақтылы жүзеге асырылсын.

            4.3. «Қ. Бітібаеваның   инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»  облыстық   жоба


Тыңдалды: 


5. 11- сынып оқушыларының  ҰБТ-ға дайындық жұмысын жүргізілуін бақылау.

11-сынып сынып жетекшілері Агалиева Ж.Б., Кенжебекова Ж.Н. 11- сынып оқушыларының  ҰБТ-ға дайындық жұмысының жүргізілуі туралы айтты. 

11- сынып оқушыларының  ҰБТ-ға дайындық жұмысы 1-тоқсаннан бастап үш міндетті, екі таңдау пәндері бойынша мектеп директорымен бекітілген қосымша сабақтар кестесі бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, әр апта сайын білімдерін пысықтау мақсатында жазбаша тест кітапшалары және I-Test сайтындағы онлайн тесттер арқылы тест жұмыстары алынып, қорытындылары сараланып, салыстырмалы мониторинг жасалынып, талқылануда. Тест қорытындылары ата-аналар чатына апта сайын жіберілуде. Мектеп әкімшілігі тарапынан әр пән бойынша өткізілетін қосымша сабақтар қатаң бақылануда.


Шешімі:

5.1. ҰБТ-ға дайындық жұмысы  үш міндетті, екі таңдау пәндері бойынша мектеп директорымен бекітілген қосымша сабақтар кестесі бойынша әрі қарай жүзеге асырылсын.


5.2. Әр апта сайын білімдерін пысықтау мақсатында жазбаша тест кітапшалары және I-Test сайтындағы онлайн тесттер арқылы тест жұмыстары алынып, қорытындылары сараланып, салыстырмалы мониторинг жасалынып, талқыланып, білімдеріндегі олқылықтар анықталып, түзету жұмыстары жандандырылсын.


5.3. Әр пән мұғалімдері ҰБТ-ға дайындау барысында өз пәндері бойынша аталған уақыт аралығында оқушылары жоғарғы көрсеткішке қол жеткізеді деп міндеттеме алсын.


Тыңдалды: 


6. Инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуын бақылау.

Мектеп дефектологі Э.Е. Нурбекова инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуы туралы айтты.

Инклюзивті оқитын оқушылар тізімі:

1.Заманбек Бекнұр 2 а- сынып

2. Пузиков Кирилл 3г-сынып

3. Рамазан Бекнұр 5а-сынып

4. Усманов Тимур 5в-сынып

5. Қазытай Ерасыл 6ә-сынып

6. Қалидош Назерке 7а-сынып

Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша оқытылады. Оқу мақсаттары ғана қысқартылады.

1.Дихан Нуридин 4б-сынып

2.Байбуринов Алпамыс 5а-сынып

3.Диденко Карина 5в-сынып

4.Диденко Кристина 5в-сынып

5.Ахметов Данияр 9б-сынып

Арнайы мектеп бағдарламасы  бойынша оқытылады. 

Инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуын ұйымдастыруда әдістемелік көмекті аталған (ҚР БҒМ «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ http://special-edu.kz/ сайттарында «Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы, 2019. – 92 б.) сілтемеден алуға болатынын айтты. Сонымен қатар, инклюзивті оқитын оқушыларға тиесілі құжаттар талапқа сай жинақталуы тиіс деді. 




Шешімі:


6.1. Инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуын ұйымдастыруда әдістемелік көмек http://special-edu.kz/ аталған сілтемеден алынсын.

6.2.  Инклюзивті оқитын оқушыларға тиесілі құжаттар талапқа сай жинақталсын.



Тыңдалды: 

7. «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар.

Мектептің әлеуметтік педагогі Б.Ж. Ибрашева «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар ретімен таныстырды. Жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.Комиссия құрамы тағайындалды. Демеушілер іздестіріліп, 79 оқушыға көмек көрсетілді.  71 оқушыға кеңсе тауарлары,8 оқушыға мектеп формасы берілді.104 оқушыға ЖББҚ-нан кеңсе тауарлар берілді. Қазіргі таңда «Қайырымдылық» марафонынан көмек алуға 25 өтініш келіп түсті және қыстық күртеге 29 оқушы тізімі ауданға жіберілді.


Шешімі:

7.1. Мектептің әлеуметтік педагогі Б.Ж. Ибрашеваның «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстары жақсы деп танылсын.



                                                                               Төрағасы:                    Ж.Т. Оспанов

  Хатшы:                        Кенжебекова Ж.Н.












































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив