Педагогикалық кеңес хаттама №4 » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2022

Педагогикалық кеңес хаттама №4

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021-2022 оқу жылы


Педагогикалық кеңес

хаттама №3

Өткізілген күні: 26.01.2022ж.

Өткізілген орны: мектеп акт залы

Қатысқандар: 98

Төрағасы: Ж.Т. Оспанов

Хатшы: Кенжебекова Ж.Н.

            Күн тәртібінде:

  1. 2021 жылдың қараша айының 05 күні өткізілген хаттаманың шешімінің орындалуы

А.Н.Сейтниязова

  1. ІІ тоқсанның қорытындысы, оқу сапасы төмен сыныптарды бақылауға алу. PISA тесттеріне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

А.Н.Сейтниязова

  1. Мұғалімдердің аттестациясы туралы (№83 бұйрықтағы №561 бұйрық 2021ж. 12қараша)

В.Б.Толымбекова 

  1. Құқық айлығы

З.А.Ордагулова

  1. Үйде оқытатын ұстаздардың динамикалық дәптерін бақылау.

Б.Ж.Ибрашева

  1. «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубы

Д.Е.Айтмухан

  1. «Алтын белгі» жоғарғы наградасына ұсыну туралы

А.Н.Сейтниязова


  1. Оқушының  денсаулығына байланысты мемлекеттік емтиханнан босату туралы.
  2. Қосымша сұрақтар

Ж.Т.Оспанов


Тыңдалды:


  1. 2021 жылдың қараша айының 05 күні өткізілген хаттаманың шешімінің орындалуы

А.Н.Сейтниязова

  • І тоқсанның қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылды;
  • І тоқсанның қорытынды есебі бойынша білім сапасы төмен 9 «Б», 8 «Ә»-сыныптары мектепіішілік бақылауға алынды;


  • Аталған 9 «Б», 8 «Ә»-сыныптардағы негізгі пәндер бойынша білім сапасын көтеру мақсатында 2-тоқсан барысында қосымша сабақтар өткізілді;
  • Пән мұғалімдері оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекеттерін мақсатқа жеткізетіндей әдіс тәсілдерді өз сабақтарында барынша қолданды; 
  • Авторлық бағдарлама жасаудың жалпы ережелері басшылыққа алынды.
  • Авторлық бағдарлама жазған пән мұғалімдерінің жұмыстары мектепішілік апробациядан өткізілуде; 
  • «Қ. Бітібаеваның   инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»  облыстық   жобасы мектеп тәжірибесіне енгізілді;
  • «Қ. Бітібаеваның   инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы»  облыстық   жобаны мектеп тәжірибесіне енгізуге   2021-2022 оқу жылына  арналған жұмыс жоспары бойынша жоспарланған іс-шаралар өз уақтылы жүзеге асырылды;
  • ҰБТ-ға дайындық жұмысы  үш міндетті, екі таңдау пәндері бойынша мектеп директорымен бекітілген қосымша сабақтар кестесі бойынша әрі қарай жүзеге асырылуда;
  • Әр апта сайын білімдерін пысықтау мақсатында жазбаша тест кітапшалары және I-Test сайтындағы онлайн тесттер арқылы тест жұмыстары алынып, қорытындылары сараланып, салыстырмалы мониторинг жасалынып, талқыланып, білімдеріндегі олқылықтар анықталып, түзету жұмыстары жүргізілуде;
  • Инклюзивті оқыту арнайы бағдарламамен оқытылатын оқушылардың оқытылуын ұйымдастыруда әдістемелік көмек http://special-edu.kz/ аталған сілтемеден алынды;
  • Инклюзивті оқитын оқушыларға тиесілі құжаттар талапқа сай жинақталды.


Тыңдалды:


  1. ІІ тоқсанның қорытындысы, оқу сапасы төмен сыныптарды бақылауға алу. 

PISA тесттеріне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

А.Н.Сейтниязова

Күні

9,10 а,б, ә / қазақ сыныптары

9,10 в /орыс сыныптары


Дүйсенбі


15-00 – 16-00 математика

/Чанчарова К

16-00 – 17-00 математика

Токарева В.


Сейсенбі

15-00 – 16-00 математика

/Куджакова Г /9 ә



Сәрсенбі


14-30 – 15-30 Биология /Қылышбаева С.Ж

16-00-17-00 География

Жумалиева Л


Бейсенбі


14-30 – 15-30 Физика / Адильханова М



Жұма

15-00 – 16-00 математика   /Хафизова Ж


14-30 – 15-30 Биология / Қылышбаева С

       Шешімі:


  1.  ІІ тоқсанның қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылсын;
  2.  ІІ тоқсанның есебі бойынша білім сапасы төмен 9 «Б», 7 «Ә»-сыныптары мектепішілік бақылауға алынсын;
  3.  Аталған 9 «Б», 7 «Ә»-сыныптарында математика пәні бойынша білім сапасын көтеру мақсатында ІІІ тоқсан барысында қосымша сабақтар өткізілсін;
  4.  Пән мұғалімдері оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекеттерін мақсатқа жеткізетіндей әдіс тәсілдерді өз сабақтарында барынша қолдансын;
  5.  9-11-сыныптарымен колледж мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, профориентация (техникалық мамандықтар) жұмыстары жүргізілсін;
  6.  Математикалық сауаттылық, жаратылыстану бағыты бойынша он бес жасқа толған 9,10-сынып оқушыларымен PISA тестілеуіне дайындық жұмыстары құрылған кесте бойынша  жүзеге асырылсын.


     Тыңдалды:


  1. Мұғалімдердің аттестациясы туралы (№83 бұйрықтағы №561 бұйрық 2021ж. 12қараша)

В.Б.Толымбекова 

     Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Б. Толымбекова ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 12 қарашадағы бұйрығымен балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және басқа да ұйымдарда жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілгені туралы айтты.

Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:

Педагогтер үшін:

  • НКТ;
  • Эссе;
  • Біліктілік бағасы;
  • Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.

Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары мен әдіскерлер үшін:

  • Біліктілік бағасы;
  • Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
  • Аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалауы мен бағалауы сәйкес келмеген кезде).

Білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің басшылары үшін:

  • НКТ;
  • Біліктілік бағасы;
  • Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
  • Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалауы мен бағалауы сәйкес келмеген жағдайда).


Шешімі:


  1.  Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Б.Толымбекованың 12 қараша күнгі №561 бұйры,ына сәйкес мұғалімдердің аттестациясы туралы берген мәліметтері өзекті деп танылсын;
  2.  Жақын арада аттестациядан өтетін мұғалімдер дайындық жұмыстарын күшейтсін.

Тыңдалды:

  1. Құқық айлығы                                                                                          З.А.Ордагулова

     Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Ордагулова 2022  жылдың 1 ақпан мен 28 ақпан аралығында құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілетін  іс -шаралалар жоспарымен таныстырды.


Өткізілетін іс-шаралар

Мерзімі

Өткізілу түрі

Қатысушылар

Жауаптылар


1

Құқық айлығы» барысында өткізілетін іс-шаралар жоспарын құрып, бекіту

28.02.2020

жоспар

Жауапты мұғалімдер

Ордагулова З.А.


2

Құқықты  айлығының ашылуна арналған

01.02.2021

Челлендж

1-11 сынып

ЖПК тобы

Боданбаева А.А

Серікқызы Н.

3

Сенің құқықтарың мен міндеттерің

01.02.2022

Челлендж

7сынып

Айтмухан Д. Е. Асылбаева Г. А.

4

Кітапханада "Менің құқығым"

тақырыпқа кітап көрмесін ұйымдастыру

01.02-28.02.2021

Бұрыш


Султанова Р.Н.

Султанова Д.Н.

5

Әрбір  сыныптар бойынша жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу тақырыбында сынып сағатын өткізу

Айлық барысында

Сынып сағаттары


Сынып жетекшілері

6

«Түнгі қаладағы балалар "

Әр бейсенбі

Рейд


Кесте бойынша жауапты мұғалімдер

7

Интернет сайттарда келеңсіз жағдайларға насихаттайтын топтарға кіретін балалар мен жасөпірімдерді анықтау

Әр айдың 8,18,28

Диструктивті сайтқа тіркелген оқушыларға мониторинг жүргізу

5-11 сынып

М.П Нуриманова С.Ж.

М.П Бейсетов А.А

8

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

2 ақпан

8 ақпан

Сурет байқауы

3-4 сынып,

8-9 сынып

Сынып жетекшілер

Айтмухан Д.Е

9

Оқушылардың санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру

"«Құқықтық сана – қауымға пана»"  сынып сағаты

05.02.2022

Ашық тәрбие сағаты


7 сынып

Хафизова Ж.Е

10

«Оқушылар арасында бопсалау, күш көрсету әрекеттерінің алдын алу» тақырыбында кездесу


04.02.2022

5-11 сыныптар арасында кездесу


Мектеп инспекторы

ДТЖО Курманова Р.И.

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

ӘП Ибрашева Б.Ж.

11

Мен және Заң

07.02.2022

Ашық тәрбие сағаты

10Ә сынып


Боданбаева А.А.

12

Аудандық ІІБ есебінде тұрған және мектепішілік бақылауда тұрған "сәтсіз" отбасынан шыққан оқушылармен қылмысты болдырмау және жою үшін психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсету

07.02.2022

«Тәуекел тобы» оқушыларының тұрмыс жағдайын зерделеу

Тәуекел тобы» оқушылары және отбасы

ӘП Ибрашева Б.Ж.

Сынып жетекшісі

13

«Қиын» балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу

08.02.2022

терининг, жаттығу

Ерекше назардағы оқушылар

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

Ануарбекова Диана

14

Ата- аналардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру дәрістері


09.02.2022


Тәуекел тобындағы отбасы ата-аналарына дәріс

ДТЖО Курманова Р.И.

МИ Омарбаев И.С.

МП Нуриманова С.Ж.

15

Права и обязанности членов семьи

10.02.2022ж

Интерактивный урок.

9В сынып,

3сабақ,  25 каб. 1аусым

Уразалинова А.К.

16

«Наркомания  и девиантное поведение,как социалное проблема»

11.02.2022

Круглый стол


МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

ӘП Ибрашева Б.Ж.

Айтмухан Д.Е.

17

Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық

14.02.2022

Ашық  тәрбие сағаты

8А сынып,

3сабақ, 42каб

Маясарова А.Н.

18

Зиянды әдеттерді анықтау

14.02.2022

Сауалнама

5-11 сыныптар

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

ӘП Ибрашева Б.Ж.

Ануарбекова Диана

19

«Әдептен озбайық» қыз балалармен

«Әдептен озбайық» ер балалармен

16.02.2022


18.02.2022

Байқау

9-11 сынып

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

ӘП Ибрашева Б.Ж.

ПО Айтмухан Д.Е.

Ануарбекова Диана

20

Әлімжеттілік пен бопсалаудың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жасырын сауалнама алу

Айына 3 рет

Жасырын сауалнама

5-11 сынып оқушылары

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.


21

«В школе по вопросам кибербезопасности»

11.02.2022


Ашық тәрбие сағаты


Азнабаева Н.Б.

22

«Өз өмірің – өз қолыңда»тақырыбында  пікір сайыс

24.02.2022

пікір сайыс

11 сынып

МП Нуриманова С.Ж

Бейсетов А.А.

Ануарбекова Диана

23

«Жемқорлық індет, жою міндет»

15 ақпан

Ашық тәрбие сағаты

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері

Айтмухан Д.Е.

24

«Заң және заман»

23.02.2022

Облыстық іс шара


Ордагулова З.А.

25

«БП Қазақстанның жарқын болашағы парасыз болады деп есептейді»

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирі

10 сыныптар арасында

24 ақпан


26

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

25.02.2022

Отырыс

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысының мүшелері

Ордагулова З.А.

Шешімі:

  1.  Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық айлығында » өткізілетін іс-шаралардың жоспары бекітіліп, жоспарланған іс-шаралар өз уақтылы өткізілсін;
  2.  «Құқық айлығында » өткізілетін іс-шаралар өз деңгейінде өткізілуі жауапты адамдардан сұралсын.


Тыңдалды:

  1. Үйде оқытатын ұстаздардың динамикалық дәптерін бақылау.

Б.Ж.Ибрашева

Мектептің әлеуметтік педагогі  Б.Ж.Ибрашева үйден оқитын оқушыға сабақ беретін мұғалімнің жүргізілетін құжаттарын атап өтті. Сонымен қатар, үйде оқытатын ұстаздардың динамикалық дәптерлерін бақылау жұмыстарының нәтижесін ортаға салды.

1. Үйден оқыту жайлы нормативті құжаттар

2. Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау

3. Бекітілген сабақ кестесі

4. Сабақ жоспарлары

5. Жұмыс дәптерлері (сынып жұмысына арналған бір дәптерді мұғалім өзімен алып жүруі, ал үй тапсырмасына арналған дәптер оқушының қолында қалуы қажет. )

6. Мұғалімнің келгені жайлы күнделік (ата –ана қол қойып отыруы керек).

7.Оқушының динамикалық даму күнделігі. 

8. Жартыжылдықтар бойынша есеп.


             Шешімі: 

  1.  Әр пән мұғалімі үйден оқытудың нормативтік құжаттарын жүргізсін.


Тыңдалды:


  1.  «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубы

Д.Е.Айтмухан

Дебат - бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. 

Осы қағидаларды негізге ала отырып, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде  2020-2021 оқу жылында «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы құрылды. Дебат клубы «Шабыт» - қазақ лигасынан, лига жетекшісі Ченемесова Ұ.Т., «Лидер» - орыс лигасынан, лига жетекшісі Уразалинова А.К.  және «Blossom» - ағылшын лигасынан, лига жетекшісі Куджакова К.Б. тағайындалған.   Қазақ лигасында – 15оқушы, орыс лигасында – 15оқушы, ағылшын лигасында – 8 оқушылармен жұмыс жүргізілді. 

«Шабыт», «Лидер», «Blossom» пікірсайыс клубы оқушылардың табандылығын, шешендік өнерін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуды   жүзеге асыру мақсаты мектепішілік пікірсайыс ойындары ұйымдастырылды. 

«Қашықтықтан оқытудың зиянынан пайдасы артық деп есептеймін», «Интернеттің пайдасы мен зияны», «Бұл палата болашақта тұрақты мансап құруға және табыс табуға кедергі болса да ата-аналар балаларын өздеріне ұнайтын іспен айналысуға ынталандыру керек деп есептейді», «Эта палата поддерживает внедрения трехязычия в казахстанских школах с первого класса» атты тақырыптарында мектепшілік дебат ойындары өткізілді. Ойын барысында оқушыларға өз көзқарастарын тиімді қорғауға үйрету, сыни ойлауға, дәлелді фактілерді талассыз келтіруге үйретілді. Сонымен қатар, оқушылар  аудандық тирнирге қатысып, «Blossom» ағылшын лигасы жүлделі 2-ші орынға ие болды. Алдағы жылдарда «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубы көптеген белестерді бағындырады деген сенім білдіреміз және дебат клубының құрамына оқушылар санын арттырамыз деген мақсат қойып отырмыз.


          Шешімі: 

  1.  Педагог-ұйымдастырушы Д.Е.Айтмуханның  берген есебі бойынша «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының жұмысы одан әрі жандандырылсын.


Тыңдалды:


  1. «Алтын белгі» жоғарғы наградасына ұсыну туралы

А.Н.Сейтниязова

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Сейтниязова «Алтын белгі» жоғарғы наградасына үміткер 11 «А»-сынып оқушылары Сабыр Дильназ бен Кәжік Мерейдің  жеке ерекшеліктерін және 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқу жылында барлық пәннен алған бағалары таза «5» болуын ескере отырып, «Алтын белгі» жоғарғы наградасына ұсыну туралы мектеп ұжымына ұсыныс жасады.

              Жарыссөз:

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.К.Сағымбаева:

  • Аты аталған оқушылар Сабыр Дильназ бен Кәжік Мерейдің оқу үлгерімі, білім деңгейі жоғары. Бұл оқушылар ойының зеректігімен, білімділігімен ерекшеленеді.  



  Шешімі:

  1. «Алтын белгі» жоғарғы наградасына үміткер 11 «А»-сынып оқушылары Сабыр Дильназ, Кәжік Мерей «Алтын белгі» жоғарғы наградасына ұсынылсын.


Тыңдалды:

  1. Оқушының  денсаулығына байланысты мемлекеттік емтиханнан босату туралы.


9 «Б»  - сынып жетекшісі Қылышбаева С.Ж. :

Ахметов Данияр аталған мектепте  3 сыныптан  бастап үйде  оқытылып келеді. Данияр  3 сыныптан бастап  ОПМПК   тіркелген (диагнозы  легкая умственная отсталость), мектепте жеке бағдарлама бойынша оқытылады. Биылда ол 9-сыныпта    жеке бағдарлама бойынша оқытылады, ОПМПК бақылауында, мектеп дефектологімен жұмыс жасауда. Оқушының  ақпараттық деңгейі  төмен, үлгерімі нашар. Өзін қызықтыратын оқуға қатысты емес  сұрақтарды қойып басқа нәрсеге көңілі бөлініп тұрады. Данияр   емтихан тапсыра алмайды.


     Жарыссөз: 

  Нурбекова Э. - мектеп дефектологі:

 - Ахметов Даниярдың  танымдық әрекеті, сөздік-логикалық ойлау қабілеті, сабаққа қызығушылығы төмен, оқу үлгерімі нашар, жеңіл бағдарламамен оқыту кезінде сабақты толық меңгермеді. Өзіне бағытталған сұрақтарға жауап беруге тырысады. 

А.Н. Сейтниязова – мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Жоғарыда айтылған Ахметов Даниярдың денсаулығына байланысты ауытқуларды (ОПМПК  тіркелген (диагнозы  легкая умственная отсталость), Талдықорған қаласының №2 облыстық-психологиялық-меициналық-педагогтік консультациясының №54647/320 қорытындысын ескере отырып, педагогикалық кеңестің шешімімен мемлекеттік емтиханнан босату керек деп есептеймін.

               Шешімі:

Ахметов Даниярдың денсаулығына байланысты ауытқуларды (ОПМПК  тіркелген (диагнозы  легкая умственная отсталость), Талдықорған қаласының №2 облыстық-психологиялық-меициналық-педагогтік консультациясының №54647/320 қорытындысын ескере отырып, педагогикалық кеңестің шешімімен Ахметов Данияр мемлекеттік емтиханнан босатылсын.


                                                            Төрағасы:                 Ж.Т. Оспанов

                                                                     Хатшы:                      Кенжебекова Ж.Н.











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив