Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2023-2024 оқу жылының жылдық ЕСЕБІ » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2023-2024 оқу жылының жылдық ЕСЕБІ
30
май
2024

Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы 2023-2024 оқу жылының жылдық ЕСЕБІ

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
     Психологиялық қызметтің жұмыстары туралы
2023-2024 оқу жылының жылдық
ЕСЕБІ
                                                Мектеп психологтары: Нуриманова С.Ж.
                                                                                  Бейсетов А.А.
Бақтыбай ауылы, 2023 жыл
2023-2024  оқу жылының атқарылған іс-шаралар есебінің 
жылдық қорытындысы
2023-2024 оқу жылының қыркүйек айының 18-22 аралығында баланың Mayда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау негізінде Йирасек-Керн тесті алынды. Йирасек-Керн тестіне 101 оқушы қатысты. Тест қорытындысы бойынша 16 оқушы анықталды.
Қорытындысы төмендегідей:
Тест нәтижесі бойынша 1 «А» - сынып оқушылары арасында анықталған жеке жұмысты қажет ететін балалар саны - 3.      сын. жет.- Сагындыкова А.А.
Тест нәтижесі бойынша 1 «Ә» - сынып оқушылары арасында анықталған жеке жұмысты қажет ететін балалар саны - 4.    сын. жет.- Конакаева Г.Р.
Тест нәтижесі бойынша 1 «б» - сынып оқушылары арасында анықталған жеке жұмысты қажет ететін балалар саны - 1.    сын. жет.- Акынбаева К.К.
Тест нәтижесі бойынша 1 «В» - сынып оқушылары арасында анықталған жеке жұмысты қажет ететін балалар саны - 4.   сын. жет.- Сатекова Г.Д.
Тест нәтижесі бойынша 1 «Г» - сынып оқушылары арасында анықталған жеке жұмысты қажет ететін балалар саны - 4.    сын. жет.-  Шемонаева Е.А.
Осы шешімі бойынша көбісі балалар 0 сыныпқа бармаған оқушылар және балаларды үйде ата-аналар бақыламайды, сол себептен үлгерімі төмен. Сынып жетекшісіне ұсыныстар берілді.
«Мюнстенберг  әдістемесі» тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған әдістемесі 2-4 сынып оқушыларынан алынды.
Қорытынды: 2 «Б» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 4 оқушы – 16%;   Зейіні жақсы 7 оқушы – 29%;    орташа 11 оқушы – 45%;   Зейіні төмен 2 оқушы – 8%. 2 «Ә» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 6 оқушы – 27%;  Зейіні жақсы 8 оқушы – 36%;   орташа 3 оқушы – 13%;   Зейіні төмен 5 оқушы –22%. 3 «А» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 10 оқушы – 55%;   Зейіні жақсы 7 оқушы – 38%;    зейіні орташа 1 оқушы – 5%. 3 «Б» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 6 оқушы – 35%;  Зейіні жақсы 6 оқушы – 35%;   орташа 5 оқушы – 29%. 3 «В» - с очень хорошим вниманием в классе 7 ученика – 36%;   хорошое внимание 4  – 21%;   нормальное внимание 5 – 26%;   плохое внимание 3 – 15%. 3 «Ә» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 8 оқушы – 38%;   Зейіні жақсы 7 оқушы – 33%;    орташа 6 оқушы – 28%. 4 «А» сыныбы бойынша зейіні өте жақсы 2 оқушы – 8%;  Зейіні жақсы 10 оқушы – 40%;   орташа 8 оқушы – 32%;   Зейіні төмен 5 оқушы – 20%. 4 «Б» - с очень хорошим вниманием в классе 10 ученика – 47%; хорошое внимание 5  – 23%;   нормальное внимание 5 – 23%;   плохое внимание 1 – 4%. 4 «В» - с очень хорошим внимание 1  – 6%;   нормальное внимание 7 – 43%;   плохое внимание 8 – 50%.
«Дарындылық картасы» Савенков әдістемесі 2-4 сынып оқушылар арасында алынды. 
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу ерекшеліктеріне байланысты жеке сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстары жүргізілді. «Оқушылардың темперамент типін анықтау» сауалнамасы алынды. 5-сынып оқушыларында орта буынға бейімделу бойынша қиындықты жеңу, мазасыздық күйін азайту негізінде «З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтау» сауалнамасы алынды. 5 «а» - 1 оқушы, 5 «ә» - 5 оқушы, 5 «б» - 3 оқушы, 5 «в» - 2 оқушы мектептегі мазасыздық деңгейі анықталды.   Оқушылардың эмоционалдық жай күйін, қоғамдағы орнын анықтау үшін Пип Уилсон. «Ағаштағы адам» әдістемесі алынып 5 «ә» сыныбында 2 оқушы,  5 «б» сыныбында 1 оқушы анықталды. 5 сынып оқушылары арасында сыныптағы ахуалды анықтау негізінде «социометрия» әдістемесі алынды. Алынған сауалнама бойынша түзету жұмыстары жүргізілді.
Н.Г.Лусканов бойынша оқу мотивациясын тексеруге арналған әдістеме алынды. Оқушылардың сұрақанамаға берген жауаптары бойынша интерпретация жасалып, тип түрлеріне топтастырылды. 10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсеткен оқушылар: 5 «А» - Ахыметәлі Нұротан, 5 «Ә» - Манат Қадыр, 5 «Б» - Матвеева Замира, Пузиков Кирилл, 5 «В» - Рыбина Таисия анықталды.
Оқушылардың эмоционалдық жай күйін, қоғамдағы орнын анықтау үшін Пип Уилсон. «Ағаштағы адам» әдістемесі алынып 6 «В» сыныбында 1 оқушы,  6 «Ә» сыныбында 2 оқушы анықталды.
Оқушылардың эмоционалдық жай күйін, қоғамдағы орнын анықтау үшін Пип Уилсон. «Ағаштағы адам» әдістемесі алынып 7 «А» сыныбында 3 оқушы,  7 «В» сыныбында 2 оқушы анықталды.
«Субдепрессия және түсіңкі көңіл – күй шкаласы» Зунге шкаласы бойынша 7 «А» - 1 оқушы, 7 «Ә» - 1 оқушы анықталды. 
«Субдепрессия және түсіңкі көңіл – күй шкаласы» Зунге шкаласы бойынша 8 «В» - 2 оқушы, 8 «Ә» - 1 оқушы анықталды. 
«Субдепрессия және түсіңкі көңіл – күй шкаласы» Зунге шкаласы бойынша 9 «А» - 1 оқушы, 9 «Б» - 1 оқушы , 9 «В» - 2 оқушы анықталды. 
9  сынып оқушыларының арасында «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» Г.Айзенк  сауалнамасы бойынша 9 «А» - Оралбек Аружан фрустрация шкаласы бойынша жоғары деңгейді көрсетті, 9 «Б» - Барысбек Сымбат үрейшілдік шкаласы бойынша жоғары дейңгейді көрсетті. Мырзабек Қаламат бойынша агрессивтілік шкаласы бойынша анықталды, 
10 сынып оқушыларының арасында «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» Г.Айзенк  сауалнамасы бойынша 10 «А» - Аманжолқызы Арай агрессивтілігі жоғары, Бекберген Алина фрустрациясы және икемсіздік деңгейі жоғары, 10 «Ә» - Жексенбай Нұрғиса анықталды. Белгілеген бланк бойынша сұрағанда «бәрібір» екендігін айтты. Бланкіде тек жоқ деген жауап қана бар. Сұрақтарға немқұрайлы қарады.
11 сынып оқушыларының арасында «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» Г.Айзенк  сауалнамасы бойынша 11 «А» - Арзабаев Арнұрда «икемсіздік» жоғары деңгейде екені анықталды
Коррекциялық түзету жұмысы бойынша «Жағымды және жағымсыз әдеттер», «Кіріспе –   жағымды, жақсы ойлау күші», «Мен және өмірімнің құндылықтары» «Эмоция әлеміне саяхат», «Пікірталас – ұрыс емес» , «Көп берген сайын, көп қайтарылады», «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» «ҰБТ-ға қалай жақсы дайындалу керек?», «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту», «Мен - жаңа тұлғамын», «Мамандықты таңдай білу!», «Менің мүмкіндіктерім», «Мен үшін әке болу – бұл....» тренинг элементтері жүргізілді. «Өмір мен сені жақсы көремін» тақырыбында эссе алынды. Эсселер бойынша үрей туғызатындай байқалған жоқ.
Зорлық-Зомбылықты, өзіне өзі қол жұмсауды, нашақорлық пен алкоголизмді насихаттайтын сайттар мен ресурстарды анықтау мәніне интернет-кеңістік туралы оқушылар арасында аталған тақырыптар бойынша анонимді сауалнамалар алынып, қорытындысы талданды және талдау нәтижесі бойынша жұмыстар жасалды. Мысалға буллинг, бопсалау, жыныстық тиіспеушілік, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», зиянды әдеттер, түрлі бейнефильмдер, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары да жүргізілді. «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы»1-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттар өткізілді.
Балалар арасында АКТ залында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және оларға кеңес беру, өз ойларын ашық жеткізу мақсатында мектебімізде «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» ұйымдастырылғаны туралы айтылды.
Мектепте 1-11 сынып оқушыларының арасында зорлық-зомбылықтын алдын алу бойынша «Менің өмірім» атты тақырыпта эссе жазылды.
Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама (Тұлғалық сауалдама СБЗ) 7-11 сынып оқушылары арасында алынды.
Мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау бойынша Филлипс тесті алынды.
«Өмір мен сені жақсы көремін» 4-8 сыныптарымен және "Өмір, қымбатсың маған!" 9-11 сыныптарымен эссе жүргізілді.
Ересек өмірдің табалдырығында (ҰБТ тапсыруға даярлық) «Жаман көңіл-күйден қалай құтылу керек» практикалық жұмыс ретінде тренинг өткізілді. Тренингте жасөспірімдік шақтағы дағдарыс түсінігін қалыптастырды. Балалардың  өзін – өзі бағалауларын жоғарылатып, құрбыларымен жағымды кері байланыс орнатылды. Қатысушылардың қиын жағдаяттардан шыға білу қабілеттерін, адамдарға сенім білдіре алу дәрежелерін  анықтай білуге үйренді.
Қыркүйек айының 21 күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынамалар таратылды.
Сынып жетекшілерге ақпараттардың барлығы жеткізіле отырып тығыз жұмыс жасалады. Сынып жетекші жасаған сынып сағаты және ата-ана жиналысына психолог маманы қатысып ұсыныс, жаднамаларын берді.
Педагогикалық ұжыммен сауалнама, тренинг жаттығулары ұйымдастырылды.
Ата-аналарының сұранысы бойынша «оқушы үні» сауалнамасы оқушылардан алынып пән мұғалімдерінің дөрекі қарым-қатынасы жайлы анықтау жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың психологиясына жағымсыз әсер ететін, жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін сайттарға  тіркелген балалар анықталған  жоқ. Ай сайын 8-18-28 күндері "KAZDRIM"платформасы арқылы деструктивті сайттар мен қауымдастықтарға мониторинг жүргізеді. Деструктивті сайттар мен қауымдастықтарда тіркелген оқушылар анықталған жоқ. Мониторинг қорытындысы бойынша "KAZDRIM" платформасы бойынша анықталып есеп беріледі. Сондай-ақ, 8-18-28 күндері Google forms арқылы Александр Юрьевичке атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. 
Ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында қазан айында мектепте оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу  мақсаты бойынша «Бүгінгі бой жеткен ертенгі асыл жар», «Ерте жүктілік, зиянды әдеттерден сақ болу»  атты тақырыбында мектеп медбикесімен бірге түсіндіру жұмыстары өткізілді. 
Жыныстық тиіспеушілік бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында жасырын сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша анықталған оқушылар жоқ. 
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың   алдын алу іс-шаралары бойынша «Мектептегі буллинг» сынып жетекшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Буллинг және кибербуллинг» мектептегі тәртібі қиын оқушылармен дөңгелек стол өткізілді. Бопсалау бойынша жасырын сауалнама 7-11 сынып бойынша жүргізілді. Ер балалармен АКТ залында 9-11 сынып оқушылары арасында басқа адамның өміріне қол сұғушылық туралы, жалған ақпарат беру туралы заң жүзінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Түнгі рейд» жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепте «Жеткіншектің жеті жарғысы» атты жоба құрылды. «Кідіріс жасап, айналаңа қара» тақырыбында дебат сайысы өтті.
Сынып жетекшілер тарапынан «Қауіпсіз балалық шақ», «Қылмыс және отбасы» «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
Мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылары анықталған жоқ.
Мектепте сенім жәшегі орналасқан. Әр жұма сайын ашылады, ол жерде областық, аудандық, мектеп бойынша байланыс телефондар жазылған. Сенім жәшігіне түскен хаттар бойынша талапқа сай жұмыстар атқарылады, Осы уақытқа дейін шағымдар түскен жоқ.
Мектеп психологтары:                      Нуриманова С.Ж.
                                                        Бейсетов А.А.