2022-2023 оқу жылының І тоқсанында атқарылған іс-шаралар есебі » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында атқарылған іс-шаралар есебі
03
ноябрь
2022

2022-2023 оқу жылының І тоқсанында атқарылған іс-шаралар есебі

2022-2023  оқу жылының І тоқсанында атқарылған іс-шаралар есебі бойынша

2022-2023 оқу жылына тақырыптар талқыланып, жоспарлар жасалды.

2022-2023  оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктін, тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жоспарлары құрылып бекітілді. 

Жоспарға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары 5-11 сынып оқушыларымен түрлі тақырыпта кездесулер өткізді. Оқушылар арасында аталған тақырыптар бойынша анонимді сауалнамалар алынып, қорытындысы талданды және талдау нәтижесі бойынша жұмыстар жасалды. Мысалға буллинг, бопсалау, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», зиянды әдеттер, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары, мектептегі татуласу қызметі, «Жолдағы қауіпсіздік-өмір қауіпсіздігі», мектептің ішкі тәртібін бұзған оқушылардың ата-аналарымен кездесулер мен түсіндірме жұмыстары өткізілді. 

Мектеп инспекторымен бірлесіп мектептің 5-11 сыныптарда оқитын  ұлдарымен және қыздарымен кездесу өткізілді.  Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге  қандай шара қолданылатыны  туралы заңнамаларға сүйене отырып  дәлелдемелер келтіріп, түсініктеме берілді.  Балалар арасында аутодеструктивті мінез-құлық тың алдын алу және оларға кеңес беру мақстында өз ойларын ашық жеткізу мақсатында мектебімізде «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» ұйымдастырылғаны туралы айтылды.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында қыздар мен ұлдар   арасында сұхбаттасу, анонимді сауалнама алу өткізілді. Ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, отбасындағы зорлық тақырыптарында бейнероликтер көрсітілді және мектеп медбикелері тарапынан қыз баланың гигиенасы туралы мағлұмат берілді. 

         5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу ерекшеліктеріне байланысты жеке сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстары жүргізілді. 5-сынып оқушыларында орта буынға бейімделу бойынша қиындықты жеңу, мазасыздық күйін азайту негізінде «З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтау» сауалнамасы алынды. Коррекциялық түзету жұмысы бойынша «Эмоция әлеміне саяхат» тренинг элементтері жүргізілді.

Ата-аналар чаттарына «Мұңымды тарқатамын» атты жаднамалар таратылды.

11 сынып оқушыларымен «Ховард Э. Стресске бейімділік деңгейін анықтау» әдістемесіне қатысты сауалнама жүргізілді. Сыныппен «Кіріспе –   жағымды, жақсы ойлау күші» атты тренинг элементтерін пайдалана отырып, стерсстік бейімділік деңгейін түсіру жұмыстарын жүргіздік. «ҰБТ-ға қалай жақсы дайындалу керек?» тақырыбында сауалнама және тренинг жұмыстары жүргізілді. «Емтихандағы мінез-құлық, өзін-өзі ұстауы» стресстік жағдайды түсіру үшін тренинг өткізілді.

Мектепте 4-11 сынып оқушыларының арасында «Менің өмірім» атты тақырыптарда суицидтің алдын алу негізінде үздік эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Қауіп – қатер тобына бейім  балаларды анықтау, диагностикалау «Басса-Дарки» әдістемесі 8-10 сынып оқушылары арасында жүргізілді.

Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама 7-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Ағарту жұмыстары ретінде «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек!» атты тақырыпта тренинг элементтері жүргізілді.

8в сынып оқушылары арасында «Социометрия» әдістемесі  ұжым ішінде шектелген оқушыны анықтау мақсатында жүргізілді.

Зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу барысында халықаралық қыздар күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Одан болек «Бүгінгі бой жеткен ертенгі асыл жар» тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында ашық сұхбат аланы болды.

«Девиантты» оқушылармен сабақтан себепсіз қалған оқушылармен әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері тақырыбында сынып жетекшілерге ақпарат берілді. «Стандартты емес жағдайларда өзін қалай ұстау керек?» тақырыбында жоспардан тыс сынып сағаты ұсынылып, өткізілді.

«Наркомания и девиантное поведение, как социальное проблема» атты тақырыпта 9 сынып оқушылары арасында дөңгелек стөл өткізілді.

Деструктивтік сайттар алдын алу бойынша «ВК.ком», «Инстаграмм», «ТИК-ТОК», «YOU TOBE» басқа да сайттар бойынша оқушылар әр айдын (8, 18, 28 күндер аралығында) қадағаланып отыр. Басқа да платформаларда теріс конттентінің таралуы жайлы қадағалауға алынып тексеріліп отыр.

Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты кең ауқымды ведомствоаралық рейдтерді ұйымдастырылып өткізілді.

Ата-аналарға арналған жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу. Жасөспірімдер арасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу. Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі. Осы тақырыптарға ата-ана жиналысы өткізілді. 

Мектепте «Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту» тақырыбы бойынша суицидтің алдын алу негізінде аудандық семинар қазан айының 27 күні өткізу жоспарда тұр.

Өмірге деген дұрыс көз қарас қалыптастыру негізінде «Әкем менің асқар тауым» атты конкурс 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілу осы айда жоспарда тұр.

Мектеп психологтары: Ахмеджанова Д.О.

                                     Бейсетов А.А.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив