Ата-аналарға арналған кеңес » Ескелді ауданы
Алматы облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған кеңес
26
сентябрь
2024

Ата-аналарға арналған кеңес

Ата-аналарға кеңес:
  • Балаңызға әділ болыңыз, оған толық сенетініңізді сезінсін. Сенімсіздік кері әсер етіп, негіссіз кінә таққан жайтқа апарып ұрындыруы мүмкін. 
  • Отбасында өсіп келе жатқан балаңызға сүйіспеншілік, қауіпсіздік және қолдау атмосферасын құруды жалғастырыңыз. Сізбен және балаңызбен басқалар қандай қарым-қатынас орнатқанын қаласаңыз, сіз де дәл солай қарым-қатынасты балаңызға орнатыңыз. 
  • Есейіп келе жатқан балаңызды құрметтеңіз, сынамаңыз, оны құрдастарымен және басқа адамдармен салыстырмаңыз. 
  • Қамқор болыңыз, балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз.
  • Есіңізде болсын, бала ата-ананың үлгісін қайталайды. Онымен қарым-қатынаста дөрекілік танытсаңыз,  келекелесеңіз немесе қол жұмсасаңыз, баланың дәл солай істейтініне таң қалмаңыз.
БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ
·Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.
·Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.
·Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.
·Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.
·Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді. Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.
·Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.
·Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.
·Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
·Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббаты табады.
Осы ережелерді сақтай отырып, Сіз балаңыздың санасына, өзіне өзінің сенімділігін және өзін-өзі құрметтеу сезімін біртіндеп сіңіре аласыз.